Енді екі жылдан кейін елордада мүлдем маса қалмайтын болды. Бұл жөнінде Астана қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті бастығының орынбасары Федор Пеев мәлімдеді. Мұның себебін ол елімізде өтетін ЭКСПО-2017 көрмесімен түсіндірді.
Департаменттің үйлестіру комиссиясының отырысында Ф.Пеев: «Көрме өтетін уақытқа дейін Астанада бірде-бір маса қалмауы керек. Осы мақсатта биылдан бастап маса және кеміргіштермен күрес мәселесін күшейтеміз. Бұл жұмыс негізінен тұрғын үй коммуналдық қызметіне жүктеледі. Алайда, көрмені өткізу ортақ іс болғандықтан, оған барлығымыз атсалысамыз. Яғни, біз аталған қызметке көмектесіп, кеңес береміз. Бүгінде осы жұмыстарға қажетті қаражатты есептеп, сметасын толтырдық», – деді.
Сондай-ақ, департамент басшысының орынбасары бұл мәселенің өзекті екенін айтты. «Астананың масасы өте маңызды мәселе. Көрме кезінде шетелден келген бұқаралық ақпарат құралдары бұл туралы жазып, хабар таратса, беделімізге нұқсан келеді», – деп барша астаналықты еліміздің абыройы үшін күш біріктіруге шақырды.
Айта кетейік, Астанадағы көрме 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтеді. Оған бірнеше мемлекет, халықаралық ұйым, инновациялық технологиялар бойынша көшбасшы компаниялар қатысады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, оны 2 млн.-нан 5 млн.-ға дейін адам келіп тамашалайды.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе
Аймақтар • Кеше
Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Кеше
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Кеше
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Кеше
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Кеше
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше