Ғылым • Бүгін, 08:02

Стартаптың тың мүмкіндігі

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде технологиялық стартаптарды қолдауға бағытталған маңызды бағдарламаның бірі – «Silkway Accelerator» жаңа легіне өтінім қабылдау басталды. Бағдарламаны «Astana Hub» халықаралық инновациялық кластері «Google for Startups» және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырып отыр.

Стартаптың тың мүмкіндігі

Өтінімдер 30 сәуірге дейін «astanahub.com» платформасында қабылданады. Бағдарламаға Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Грузия және Моңғолия елдерінің стартап командалары қатыса ала­ды. Еліміз Орталық Азияда «Google for Startups» бағ­дар­­ламасымен бірлесіп акселерация жүргізіп отырған ал­­ғашқы әрі жалғыз ел. Биыл «Silkway Accelerator» ал­­ғаш рет Алматы қаласында, «Almaty Hub» базасын­да өте­ді. Бұл – мегаполистің елдегі іскерлік және IT-ор­­та­­­лық ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Кейінгі төрт жылда бағдарламаға 1 470 өтінім түсіп, олардың тек 73-і іріктеуден өткен. Акселерациядан өткен жобалар жалпы көлемі 48 миллион доллардан асатын инвестиция тартып, жиынтық бағасы 500 миллион доллардан асқан. Қатысушылар БАӘ, Түркия, АҚШ және басқа да халықаралық нарықтарға шығып үлгерді.

Бағдарлама түлектерінің қатарында «Biometric Vision», «zypl.ai», «Arlan Biotech» және басқа да табысты жобалар бар. «Biometric Vision» компаниясының негізін қалаушы Әлібек Нарымбайдың айтуынша, бағдарлама стартаптарға дұрыс нарық таңдауға, өнім стратегиясын нақтылауға және халықаралық деңгейде өсуге мүмкіндік береді.

«Silkway Accelerator» 12 аптаға есептелген. Бағдар­ламаға дайын өнімі бар және оны жаңа нарықтар­ға шығаруды көздейтін командалар қатыса алады. Қатысушыларға Алматыда тегін тұру, кеңсе, сондай-ақ 100 мың долларға дейін «Google Cloud» ресурста­рына қолжетімділік беріледі. Сонымен қатар әр командаға жеке даму менеджері бекітіледі. Бағдарлама жетекшілерінің бірі Евгений Фролов қазіргі таңда басты мәселе стартаптардың санында емес, сапасында екенін атап өтті. Оның пікірінше, негізгі қиындық – өнімді халықаралық нарыққа шығарып, ауқымды бизнес модель құру. Бағдарлама соңында «Demo Day» өтеді. Бұл күні қатысушылар өз жобаларын инвесторлар мен венчурлік қорларға таныстырады. Ең үздік жобалар «Astana Hub Ventures» шорт-листіне еніп, инвестиция тарту мүмкіндігіне ие болады.

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өзенінде сең қозғалды

Табиғат • Бүгін, 09:45