Фото: Astanatv.kz
Бұған дейін ҚАЖК төрағасы Абай Қайырбеков колонияда әйелдің қабілеттері мен бос жұмыс орындары ескерілетінін айтқан еді. Оның айтуынша, Перизат Қайрат тігін өндірісінде немесе басқа да жұмыстарда еңбек етуі мүмкін болатын.
Перизат Қайраттан тәркіленген көлік мемлекеттік органдардың меншігіне берілді
Қазіргі таңда ол жазасын өтеу мекемесінде еңбекпен қамтылып, қызметтік үй-жайларды тазалау жұмысын атқарып жүр.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 25 шілдеде Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылып, қайырымдылық үшін берілетін «Шапағат» мемлекеттік наградасынан да айырылған.
Сот сондай-ақ оның және қоса айыпталған анасының 50 жәбірленушіге келтірген материалдық шығынды өтеуін міндеттеп, жалпы сомасы 1 миллиард 582 миллион теңгені өндіру туралы шешім шығарды. Бұдан бөлек, олардан әрқайсысы 22 миллион теңге мемлекеттік баж және 698 мың теңге сот шығындарын төлеу талап етілген.