Үкімет • Бүгін, 07:43

Жоғары деңгейдегі әріптестік

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ГФР Сыртқы істер министрлігінің Еуропа бойынша статс-министрі Гюнтер Крихбаумды қабылдады.

Жоғары деңгейдегі әріптестік

Кездесу барысында тарап­тар сауда-экономикалық, мә­дени-гуманитарлық сала­лар­дағы екіжақты ынтымақ­тас­тық­ты нығайтудың әлеуеті мен ағым­дағы жағдайы туралы талқылады.

Сонымен қатар Қазақстан мен Германия арасындағы диа­логті нығайтуға бағытталған бір­лескен күш-жігерді үй­лес­тіру мәселелері де қарастырылды.

«Орталық Азия – Германия» форматы және басқа да халықаралық алаң­дар шеңберінде тығыз ықпал­дастықты жалғастыруға дайындық құпталды.

Германия дипломаты жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады.

Соңғы жаңалықтар

Кесар тілігінің зардабы қандай?

Медицина • Бүгін, 18:34