фото: ашық дереккөз
Жоба аясында бюджеттен 200 млн теңге бөлінді. Алдағы уақытта екі тендер өткізіліп, мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланған соң мердігерлер жұмысқа кіріседі.
Мамандардың айтуынша, дезинсекция жұмыстары негізінен түнде немесе демалыс күндері жүргізіледі. Қауіпсіз препараттар қолданылып, тұрғын үйлермен қатар су айдындары да өңделеді. Атап айтқанда, Жайық өзені, Ерік-Мостовой каналы және булану алаңдары қамтылады.
Сонымен бірге дрондар мен мобильді бригадалар қала маңындағы алты округке де шығады.
Мамандар өткен жылы қаланы екі аймаққа бөліп өңдеу жақсы нәтиже бергенін айтып, биыл бұл тәсіл заманауи технологиялармен жетілдірілетінін жеткізді.