Оқиға • Бүгін, 11:56

Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыптылар Жамбыл облысынан табылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыптыны ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыптылар Жамбыл облысынан табылды

40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайы азаматтарды алдау және олардың сенімін теріс пайдалану арқылы Астана мен Семей қалаларының тұрғындарынан әртүрлі сылтаумен шамамен 200 миллион теңге көлемінде қаражат иемденген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында олардың Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарын паналап, ұзақ уақыт бойы жасырынып жүргені анықталды.

Баспанаға қатысты жаңа алаяқтық схема: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар