Өнер • Бүгін, 08:10

Жүз күй білетін жауынгер

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы Ұлттық ұлан 5571 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі Әзиз Темірбек жауынгерлік міндетін абыроймен орындаумен қатар, әскерилер арасында ұлттық өнерді насихаттап жүр.

Жүз күй білетін жауынгер

Қызылорда облысының Сыр­дария ауданында дүниеге келген Әзиз домбыраға бала күнінен әуес болып өскен. Мектепте алғашқы ұстазы Гүлназ Сералиевадан күй өнерінің әліппесін үйреніп, кейін Қызылорда қаласындағы Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжде білім алып, ұстазы Жансұлтан Жұмабек­тен күйшілік шеберлігін шыңдаған. Осы жылдарда ол жүзге жуық күй үйреніп, «Сарыарқа», «Сер­пер», «Ақсақ киік», «Төре­мұ­рат», «Байжұ­ма» сияқты әйгілі күйлердің басым бөлігін нота арқылы меңгерген.

Әзиз әскери бөлімнің құра­мында Алматы қаласының қауіпсіздігін күзетіп, бос уақы­­тында қаруластарының өтіні­шімен күй тартады.

– Домбырада күй орындау маған халқымыздың мәде­ниетін, салт-дәстүрін насихаттау жауапкершілігін жүк­тейді. Сыр күй мектебі өкіл­дері­нің ізін жалғап жүрген­дігімді мақтан етемін, – дейді Әзиз.

Ол домбыраның қоңыр үнімен қасиетті өнерді дәріп­теп, ғасырлардан жеткен күй дәстүрін жаңа буынға жеткізіп келеді. Оның орындауындағы әсерлі күйлер сарбаздардың көңіл күйін көтеріп, жауын­герлік рухын арттыра түседі.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар