фото: pixabay.com
«ҚазАвтоЖол» ақпаратына сәйкес, 22:00-де су деңгейінің көтерілуіне байланысты Мариновка ауылына апаратын жолдың 0-9 шақырымдық учаскесінде барлық көлік түріне қозғалыс шектеледі. Жол қозғалысы болжам бойынша тек 5 сәуір таңертең қалпына келтірілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда Қостанай облысындағы Желқуар (Суходол) өзенінде (Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап аймақта) еріген судың ұзындығы шамамен 70 метр, тереңдігі 5-10 см болатын тасуы тіркелген. Аймақтық филиал мамандары тасуды жойып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейтарап аймақта тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.
«ҚазАвтоЖол» атап өткендей, бұл учаскедегі су тасуы маусымдық сипатта болып, жыл сайын қайталанады.