Референдум • Бүгін, 12:59

Виталий Изак: Балаларым референдумның маңызын санасына сіңіргенін қалаймын

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Учаскелерде дауыс беру процесі ұйымдасқан түрде өтуде. Астана қаласындағы № 316 және №317 сайлау учаскелерінде тұрғындар белсенді дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Виталий Изак: Балаларым референдумның маңызын санасына сіңіргенін қалаймын

Таңертеңнен бастап тұрғындар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап жатыр. Учаскелерде қауіпсіздік шаралары қатаң сақталған. Референдум комиссиясының мүшелері дауыс беру тәртібін түсіндіріп жатыр.

Референдумға өз таңдауын жасауға келген елорда тұрғыны Әшім Әбдірахметов жаңа Конституция жобасымен толық танысып шыққанын айтты.

әшім

«Мен елдің болашағы үшін көп еңбек сіңірген адаммын. Қазір 74 жасқа келсем де ел өмірі үшін маңызды шаралардан тыс қалған емеспін. Біз аға ұрпақ тәуелсіздіктің қадірін бір кісідей білеміз. Қазірдің өзінде дүниежүзінде түрлі соғыс өрті тұтанып жатқанын естіп отырмыз. Осындай кезде еліміздің тыныштығына, тұрақтылығына шүкіршілік етеміз. Жастарымыздың болашағы бұдан да жарқын боларына сенемін. Бүгін референдумға келіп азаматтық ұстанымымды білдіріп,  өз таңдауымды жасадым. Бұл менің ардагер ретінде ел дамуына қосқан үлесім деп білемін», дейді ол.

Референдум учаскесіне отбасымен келіп дауыс беріп жатқан азаматтар да жетерлік. Соның бірі Виталии Изаковтың отбасы.

Алматының Наурызбай ауданындағы референдум учаскесіне батырлар келді

изак

«Бүгін референдумға арнайы келіп, өз дауысымды бердім. Әр азамат елдің болашағына бейжай қарамауы керек деп ойлаймын. Сондықтан осындай маңызды шешім қабылданатын кезде халықтың пікірін білдіруі өте маңызды. Таңертеңнен бастап сайлау учаскесіне келіп жатқан адамдардың қарасы да көп екен. Бұл – тұрғындардың белсенділігін көрсетеді. Мен де өз азаматтық міндетімді орындап, таңдауымды жасадым. Жұбайыммен, екі ұлыммен бірге келдім. Өйткені, балаларымның референдумның маңызын санасына сіңіре бергендерін қаладым», дейді отағасы Виталий Изак.

Жалпы №316 референдум учаскесіне 2603, ал №317 референдум учаскесіне 2680 сайлаушы тіркелген.  Дауыс беру еліміздің барлық өңірлерінде таңғы сағат 07:00-ден басталып, кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. 

Ақмола облысында қарт жауынгер де өз таңдауын жасады

Соңғы жаңалықтар