Референдум • Бүгін, 03:40

Жапонияда жүрген Қазақстан азаматы референдумда өз таңдауын жасады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алғашқылардың бірі болып Токио қаласында өткен референдумда дауыс берген Қазақстан азаматы «Нихон» универститетінің 3 курс студенті Жібек Айдын болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жапонияда жүрген Қазақстан азаматы референдумда өз таңдауын жасады

«Қарастырылып отырған мәселе еліміздің алдағы даму бағыты үшін маңызды. Референдум өткізу ашықтықты қамтамасыз етіп, қоғам пікірін жан-жақты ескеруге мүмкіндік береді. Мемлекет әрбір азаматтың өз таңдауын жасауына қажетті жағдай жасап отыр, ал біз үшін белсенді азаматтық ұстаным таныту – маңызды міндет», деп атап өтті Ж.Айдын.

Ол сондай-ақ шетелде тұратын отандастарымыз Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен референдумға қатысу мүмкіндігіне ие болғанын атап өтті.

«Бұл – еліміздің болашағына қатысты жауапты шешім қабылдауға берілген ортақ мүмкіндік. Қабылданатын шешім Қазақстанның орнықты әрі серпінді дамуына оң ықпал етеді деп сенемін», деп түйіндеді дауыс беруші.

Сеул мен Токиодағы референдум учаскелерінде қазақстандықтар дауыс бере бастады

 

Соңғы жаңалықтар