Фото: istockphoto.com
13 наурызда қалада күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -1°C шамасында болса, түнде -4°C-қа дейін суытады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 11 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
14 наурызда аспанды бұлт торлайды, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Сынап бағаны күндіз – 0°C, түнде – -3°C.
Ал 15 наурызда елорданы тұман басады деп болжанған. Күндіз де, түнде де температура нөл градус айналасында (түнде -3°C-қа дейін) сақталады.
Еске сала кетейік, кеше Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, қар жауды.