Қазақстан • Бүгін, 09:24

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

10 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы еліміздегі автожолдардың қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Фото: ашық дереккөз

Ашық жолдар

2026 жылғы 12 наурыз сағат 08:00-ден бастап республикалық маңызы бар бірқатар автожолда жеңіл көліктердің қозғалысына рұқсат берілді.

Батыс Қазақстан облысы

  • «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолы, 393-526 км (Жымпиты ауылы – Ақтөбе облысының шекарасы).

Ақтөбе облысы

  • «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым өткізу пункті)» 526-710 км (БҚО шекарасы – Күршасай ауылы).

  • «Ақтөбе – РФ шекарасы (Әлімбет өткізу пункті)» 39-136 км (Ш. Қалдаяқов ауылы – Әлімбет бекеті).

  • «РФ шекарасы – Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау» 11-337 км (Ақтөбе қаласы – Атырау облысының шекарасы).

Атырау облысы

  • «РФ шекарасы – Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау» автожолының 337-346 км аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз ауылы).

Солтүстік Қазақстан облысы

  • «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 595-781 км аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Сергеевка қаласы).

  • «Волошинка – Сергеевка – Тимирязево» автожолының 0-119 км аралығы (Волошинка – Тимирязево).

  • «Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0-32 км аралығы

  • «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы» автожолының 50-280 км аралығы

  • «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 61-91 км аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Саумалкөл ауылы).

  • «Петерфельд – Архангельское – Новокаменка – Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 0-31 км аралығы.

  • Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс жолдың 0-24 км аралығы

  • «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 91-196 км аралығы (Саумалкөл – Рузаевка).

  • «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 785-946 км аралығы (Сергеевка – Бескөл).

Қостанай облысы

Қай өңірлерде жол жабық?

  • «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 555-683 км аралығы (Тобыл қаласы – Сарыкөл кенті).

  • «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 385-501 км аралығы (Рудный – Денисовка).

  • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-218 км аралығы (Тобыл – Октябрьское).

Жабық жолдар

Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық жол учаскелерінде қозғалыс уақытша шектелді.

Шығыс Қазақстан облысы

  • KAZ-08 «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1194-1212 км аралығы (Шемонаиха – Ресей шекарасы).
    Жолды 13 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы

Ақтөбе облысының тасжолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

  • «Қостанай – Мамлютка» автожолының 226-406 км аралығы (Қостанай облысының шекарасы – Мамлютка қаласы).

  • «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 346-407 км аралығы (Жақсы кенті – СҚО шекарасы).

Қостанай облысы

  • «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234-385 км аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Денисовка).

Павлодар облысы

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 0-152 км аралығы (Павлодар – Ресей шекарасы).

  • Сондай-ақ «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» жолындағы Қалқаман жолайрығында көпірдің шеткі арқалықтарының зақымдануына байланысты қозғалыс шектелген.

Синоптиктердің мәліметінше, 12 наурыз күні Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланған. Елдің басым бөлігінде тұман мен боран күтіледі.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Қазақстан • Бүгін, 09:24