Аймақтар • Кеше

Алматыда бір тоннадан астам алкоголь өнімі тәркіленді

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында алкоголь өнімдерінің заңды айналымын бақылау және осы саладағы заң бұзушылықтардың алдын алу бағытында полиция тарапынан жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда бір тоннадан астам алкоголь өнімі тәркіленді

Жетісу аудандық полиция басқармасының мәліметінше, профилактикалық іс-шаралар барысында алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзудың 45 дерегі анықталды. Аталған құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабымен қарастырылған.

Сонымен қатар тексеру барысында бір дүкенге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдарын қарау нәтижесінде сот алкоголь өнімдерін сату лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта аталған сауда нысанының қызметі тоқтады.

Бұдан бөлек тексеру кезінде алты дүкеннен алкоголь өнімдері тәркіленді. Аталған фактілер бойынша материалдар сотта қаралды.

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті

Сондай-ақ тексеру барысында бір диско-бардың әкімшілігі де жауапкершілікке тартылды. Нысаннан шамамен 400 литр алкоголь өнімі тәркіленді.

Жалпы жүргізілген іс-шаралар аясында заңсыз айналымнан 1 мың 150 литрден астам алкоголь өнімі алынды.

Өскеменде заңсыз ауланған 4 тоннадан астам балық тәркіленді

Соңғы жаңалықтар