Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан айтарлықтай өзгерді. Бүгінде ел азаматтары әлем елдеріне еркін сапарлап, жетекші университеттерде білім алып, халықаралық жобаларға қатысып жүр. Қазір шамамен 90 мың қазақстандық шетелде білім алады.
«Кейде әлемдегі өзгерістердің жылдамдығына ілесе алмай, өз елімізде болған үлкен өзгерістерді байқамай қаламыз. Бірақ сырттай қарасақ, Қазақстанның мүлде басқа елге айналғанын көруге болады», деді Никита Шаталов.
Референдум қарсаңындағы қоғамдық көңіл күй: жаңа Конституцияға пікір қандай?
Ол Қазақстанда түрлі мәдениет пен дін өкілдерінің бейбіт өмір сүріп жатқанын атап өтті.
«Біз көптүрлі қоғамда өмір сүруді үйрендік. Наурызды да, Рамазанды да, Рождество мен Пасханы да бірге атап өтеміз. Бұл біздің ортақ болмысымыз», деді депутат.
Сонымен бірге ол қазіргі әлемде тұрақсыздық күшейіп отырғанын айтты. Осындай жағдайда мемлекеттің жауапкершілігі ерекше маңызды.
«Жақында мемлекет қауіпті аймақта қалған азаматтарын қысқа уақытта эвакуациялап, 10 мыңға жуық қазақстандықты елге қайтарды. Бұл қазақстандық паспорттың артында нақты қорғау тұрғанын көрсетеді», деді ол.
Референдумға дайындық: Мүгедектігі бар адамдарға қандай жағдай жасалады?
Депутаттың пікірінше, жаңа Конституция ел дамуының негізгі бағытын айқындайды.
«Конституция – жай ғана заң емес. Ол қоғам мен мемлекеттің қалай дамитынын анықтайтын негіз», деді Никита Шаталов.
Референдум-2026: Сайлау учаскесін eGov Mobile арқылы тексеруге болады
Сөз соңында депутат жастарды референдумға қатысуға шақырды.
«Жастарды 15 наурызда дауыс беруге келіп, өз таңдауын жасауға шақырамын. Мемлекеттің болашағы әр азаматтың шешімінен басталады», деді ол.