Логистика • Бүгін, 09:40

Теміржол саласындағы өзгерістер: Инфрақұрылым қалай дамып жатыр?

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан теміржол саласын жаңғырту мен кеңейту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Мемлекет басшысының транзиттік әлеуетті арттыру және елдің көлік-логистикалық рөлін күшейту жөніндегі тапсырмалары аясында соңғы жылдары инфрақұрылымды жаңарту қарқыны айтарлықтай күшейді. 2019-2025 жылдар аралығында түрлі жөндеу жұмыстары арқылы 9 436 километр теміржол желісі қамтылды. Бұл шаралар қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, магистральдардың өткізу қабілетін ұлғайтуға және көлік жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теміржол саласындағы өзгерістер: Инфрақұрылым қалай дамып жатыр?

Фото: Көлік министрлігі

Теміржол желісін жаңарту жұмыстарының ең ауқымды бөлігі күрделі жөндеу арқылы жүзеге асты.

Осы бағытта 3593 километр теміржол желісі толық жаңартылды. Күрделі жөндеу барысында рельстер, шпалдар және жолдың үстіңгі құрылымының басқа да элементтері ауыстырылып, инфрақұрылым кешенді түрде қалпына келтірілді. Бұл теміржолдың техникалық жағдайын жақсартып, пойыздардың қауіпсіз әрі тұрақты қозғалуына жағдай жасайды.

Жол инфрақұрылымын күтіп ұстау үшін 1560 километр теміржол желісінде құрамдас бөліктер бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл формат тозған жекелеген элементтерді ауыстыруға бағытталған. Нәтижесінде инфрақұрылымның техникалық жай-күйі қажетті деңгейде сақталып, теміржол желілерінің сенімділігі артады.

Теміржол өткелінде электровоз бен жеңіл автокөлік соқтығыса жаздады

Теміржол төсемінің мерзімінен бұрын тозуын болдырмау үшін 4 284 километр желіде жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мұндай жұмыстар пойыздардың қозғалысын үздіксіз әрі қауіпсіз ұйымдастыруға мүмкіндік береді және магистральдардың қызмет ету мерзімін ұзартады.

Қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртумен қатар, елде жаңа теміржол желілерін салу жобалары да жүзеге асырылып жатыр. 2019-2025 жылдары 911 километр жаңа теміржол жолы салынды.

Ірі жобалардың бірі – ұзындығы 836 километр болатын ДостықМойынты учаскесі. Бұл бағыт Қазақстан арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерінің өткізу қабілетін арттыруға және транзиттік жүк ағындарын көбейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге ұзындығы 75 километр болатын Алматы станциясының айналма теміржол желісі салынды. Жаңа желі Алматы теміржол торабына түсетін жүктемені азайтып, жүк тасымалының тиімділігін арттырды. Бұл шешім елдің оңтүстік өңіріндегі жүк пойыздарының қозғалысын оңтайландыруға жол ашты.

Теміржол торабы: Саладағы кешенді жаңғыру

Аталған жобалардың жүзеге асуы – Қазақстанның теміржол желісін жаңғыртудың маңызды кезеңі болып отыр.

Инфрақұрылымды жаңарту мен жаңа бағыттардың салынуы елдің транзиттік мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстанның Еуразиядағы жетекші көлік-логистикалық хабтардың бірі ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар

Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55