Әлем • Бүгін, 10:48

Ресей Еуропаға газ жеткізуді тоқтатуы мүмкін

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей президенті Владимир Путин Еуроодақтың ресейлік энергия ресурстарынан ресми бас тарту мерзімін күтпестен, табиғи газ жеткізуді мерзімінен бұрын тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей Еуропаға газ жеткізуді тоқтатуы мүмкін

Фото: Ашық дереккөз

Путин жаңа нарықтардың ашылып жатқанын айтып, газ жеткізу бағытын қайта қарау қажет болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Қазақстан Ресейдің көмегінсіз үш жаңа жылу станциясын салады

«Қазіргі жағдайда Ресей үшін еуропалық нарыққа газ жеткізуді тоқтатып, жаңа әрі перспективалы нарықтарға бағытталу тиімді болуы ықтимал», деді ол.

Сонымен қатар мемлекет басшысы үкіметке ресейлік компаниялармен бірлесіп, газ экспортын жаңа сауда алаңдарына шығару мүмкіндігін пысықтауды тапсырғанын айтты.

Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алудан бас тарта ма?

Соңғы жаңалықтар