Бағдарлама аясында республика мектептерінде қауіпсіздік сабақтарын өткізу ерекше мәнге ие. Сабақ барысында оқушылар түрлі өмірлік жағдайларды талдап, заң талаптарын түсініп, өз құқықтары мен міндеттерін меңгереді. Киберқауіпсіздік, құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, ақпаратты саралай білу – мұның барлығы жасөспірімнің саналы тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Ашық пікір алмасу мен талқылау арқылы олар өз көзқарасын дәлелдеуге, өзгелердің пікіріне құрметпен қарауға дағдыланады. Бұл дағдылардың маңызы, әсіресе, ел өміріндегі маңызды саяси кезеңдерде айқын көрінеді.
Республикалық референдум – халықтың өз тағдырын өзі айқындау құқығын жүзеге асыратын маңызды жолы. Мұндай сәтте әр азаматтың саналы таңдауы мемлекет болашағына тікелей әсер етеді. Ал саналы таңдау жасау құқықтық сауаттылықты, сыни ойлауды және жоғары жауапкершілікті талап етеді.
Олжас Бектенов: Жаңа Конституция – болашақтың стратегиялық таңдауы
Бүгінгі мектеп оқушысы – ертең ел тағдырын шешуге қатысатын азамат. Егер ол мектеп қабырғасынан бастап заңды құрметтеуді, әділдікті бағалауды және өз әрекетіне жауап беруді үйренсе, болашақта референдум сияқты маңызды қоғамдық үдерістерге белсенді әрі жауапкершілікпен қатысады.
Аида Балаева: Президент – жаңа Конституцияның негізгі авторы
Сондықтан «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы қауіпсіздік сабақтары – тек тәрбиелік шара ғана емес, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды нығайтудың берік негізі. Саналы, жауапты және белсенді ұрпақ қалыптастыру – елдің тұрақты дамуының кепілі.
А. Жунусова,
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
«№ 19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры