Ипотека • Кеше

Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2024 жылғы 17 сәуірден бастап Қазақстанда ипотеканы өтеу тәртібіне қатысты жаңа өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер екінші деңгейлі банктерде ипотекасы бар азаматтарға қатысты және зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелерін жаңартады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді

Негізгі өзгеріс – бұрынғы «ипотекалық қарызды өтеу» деген түсінік «ипотекалық несиенің негізгі қарызын өтеу» деп өзгертілді. Яғни енді зейнетақы қаражаты тек кредиттің негізгі сомасын жабуға ғана жұмсалады.

Бұған дейін азаматтар зейнетақы жинағын ипотеканың ай сайынғы төлемін толық жабуға пайдалана алатын. Оның ішінде негізгі қарыз, пайыздар, комиссиялар және басқа да төлемдер қамтылатын.

Жаңа тәртіп бойынша пайыздар мен қосымша төлемдер азаматтың өз есебінен төленеді. Ал зейнетақы қаражаты тек негізгі қарызды азайтуға бағытталады.

Мысалы, ай сайынғы төлем 450 000 теңге болса, оның 200 000 теңгесі негізгі қарызға, ал 250 000 теңгесі банк пайыздарына кетеді. Енді зейнетақы тек 200 000 теңгені жабады, қалған соманы қарыз алушы өзі төлейді.

Зейнетақы жинағын алу тәртібі өзгереді

Кейбір банктер жаңа тәртіп бойынша нақты схема енгізіп жатыр. Алдымен клиент пайыздар мен ай сайынғы төлемді өз қаражатымен жабуы керек. Кейін ғана зейнетақы жинағын шешуге өтініш береді. Егер төлемдер толық өтелмесе, операция орындалмайды.

Сонымен қатар ипотеканы өтеу үшін жаңа қарыз туралы анықтама қажет болады. Оны банк арқылы алып, арнайы порталға жүктеу керек. Құжатта негізгі қарыздың қалдығы нақты көрсетілуі тиіс.

Зейнетақы қорындағы қаражат бейберекет жұмсалмауға тиіс

Жалпы алғанда, жаңа ережелер зейнетақы қаражатын тек негізгі қарызды азайтуға бағыттап, ипотеканы өтеу тәртібін қатаңдатады.

Соңғы жаңалықтар