Қоғам • Бүгін, 14:20

Ақылы жолдар: Елімізде қай бағыттарда төлем алынады?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 1 900 шақырымнан астам республикалық автожолға ақылы жүйе енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы Дархан Иманашев хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Ақылы жолдар: Елімізде қай бағыттарда төлем алынады?

Ақылы жүйе енгізілетін негізгі бағыттар:

Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал (554,6 км),
Бурылбайтал – Күрті (226,4 км),
Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат (89 км),
Талдықорған – Өскемен (773 км),
Атырау – Астрахан (277 км),
Меркі – Шу – Бурылбайтал (78 км).

Алматы − Қонаев тасжолы: Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады?

Қазір елімізде жалпы ұзындығы 4,9 мың шақырымды құрайтын 26 ақылы жол учаскесі жұмыс істейді. Ақылы жүйе жол сапасын сақтауға және оны күтіп-ұстау шығындарын өтеуге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар