Фото: ТАСС/Лев Федосеев
Оқиға Кайо-Фальконес ауданында, Эль-Пино каналының солтүстік-шығысына жақын аумақта болған. Куба жағалау күзеті катердегі адамдарды анықтауға әрекеттенген кезде қарсы тарап оқ жаудырған. Шекарашылар жауап ретінде қару қолданған.
Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қақтығыс салдарынан катер бортындағы төрт адам қаза тапты, тағы алтауы жараланып, ұсталды. Куба тарапынан шекара кемесінің капитаны жарақат алған. Жалпы катерде он қарулы адам болған.
Арнайы операция барысында шабуыл жасағандардан штурмдық винтовкалар, тапаншалар, «Молотов коктейльдері», оқ өтпейтін кеудешелер және оптикалық көздеулер тәркіленді. Ведомствоның хабарлауынша, ұсталғандардың басым бөлігі бұрынғы қылмыскерлер, ал екеуі бұған дейін іздеуде болған. Олардың барлығы АҚШ-та тұратын Куба азаматтары.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл оқиға АҚШ үкіметінің операциясы болмағанын және әкімшілік өкілдерінің қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Вашингтон өз тарапынан тергеу жүргізіп, қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдайды.
Мексикада атышулы қылмыстық топтың жетекшісінің қазасынан кейін жаппай тәртіпсіздік басталды