Жақында Астанада қала күні қарсаңында грек-рим күресінен Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін өткен халықаралық турнирге әйгілі балуан Дәулет Тұрлыхановтың шақыруымен Олимпиаданың үш дүркін чемпионы, бірнеше дүркін әлем және Еуропа чемпионы, Ресей батыры, Мемлекеттік Думаның депутаты Александр КАРЕЛИН келіп, балуандардың қазіргі бабы мен олардың алдағы кезде Мәскеуде өтетін әлем чемпионатына дайындығымен танысып қайтқан болатын. Сол кезде атақты балуанмен кездесіп, онымен әңгімелесудің сәті түскен еді.– Сіз Астанаға жиі келіп тұрасыз ғой. Осы жолғы сапарыңыз қала күні қарсаңында өткен турнирге сәйкес келіп тұр екен. Алдымен кәсіби маманның көзінше турнирдің қалай өткенін және онда қазақ балуандарының қалай өнер көрсеткенін айтып берсеңіз.
– Жігіттердің бәрі жақсы күресті. Әсіресе, маған сіздердің 84 кило салмақтағы Алзахор Өздиевтің күресі ұнады. Ауыр салмақтағылар да жақсы қырынан көрінді. Қазақстан командасы жақсы. Бас бапкер Мұратбек Қасымханов өзінің жанына құрамаға лайықты жігіттерді жинапты. Команданың бапкерлері де бір-бірімен тіл табыса алады екен. Бұл – балуандар үшін аса маңызды. Өйткені, командада бірлік болмаса балуандар үшін қиын болады. Сосын сіздерде балуанның бапкерге толық бағынатыны жақсы екен. Бұл турнир Астана күнімен бірге тәуелсіз Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне арналып, өзінің жас кезінде күрескен жарысы бойынша мерейтой қарсаңында өткізілгенін дұрыс деп санаймын. Маған осындай кубоктік турнирлер ұнайды. Олар тез өтеді, бірнеше күнге созылмайды, сосын ешкімді де шаршатпайды. Осы турнирде маған белдесулер ұнады. Біздің Никита Мельников те жақсы күресті.
– Қазіргі балуандардың күресіне қарап қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?
– Балуандарға ма? Жоқ, ешқандай кеңесім жоқ. Барлық кеңес, ақыл әдістемеде жатыр. Бапкерлердің кеңестеріне де жиі құлақ түру керек. Ал балуандар үшін ең басты кеңесші – тәртіп. Тәртіпті ауызбен жеткізуге болмайды. Менің ойымша, адам бәрін өзінен бастау керек. Көп еңбектеніп, міндетсінбей жұмыс істеу керек. Ең бастысы, бапкерді тыңдай білу керек. Егер балуан күресте ақылмен жұмыс істеп, көп еңбектенетін болса, ол көп жағдайда биік белестерден көрінетін болады.
– Сіз спортта жүргенде өзіңізге осындай талаптар қойдыңыз ба?
– Әрине.
– Қазір де солай ма? Өзіңізге қатал бола аласыз ба?
– Иә, білесіз бе, егер өзіңе қатал болмасаң, басқа адамдарға сондай талап қоюға хақың жоқ деп ойлаймын.
– Отбасыңыз жайлы айтсаңыз. Балалардан не талап етесіз?
– Отбасымда мен барлық адамдар сияқтымын. Балаларға менің жолымды қусын деп талап қоймаймын. Адам біреудің атымен жүрмеу керек. Олар өздерінің жеткен жетістіктерімен мақтанса, сонымен өмірде өз орындарын тапса деймін. Біздің отбасымыздың қағидасы – әр күн әулеттің шежіресіне үлес қосу үшін өз бетімен еңбектеніп, табыстарға жетуі керек. Менің Ольга есімді зайыбым, үш балам бар. Ұлдарымның аты – Денис, Иван. Қызымның аты – Василиса.
– Сіз алғаш рет 1985 жылы жастар арасында өткен әлем чемпионатын жеңіп алғаннан кейін, 1988 жылы тұңғыш рет КСРО чемпионы атанғаныңызды білеміз. Кеңес Одағының чемпионы болу ол кезде әлем чемпионы атағынан да биік мәртебе еді ғой. Осы бәсекеде сізді ауырып, ыстығы көтеріліп күресті дейді. Содан кейін болған тағы көптеген жарыстарда сіз жарақаттарыңызға қарамай кілемге шығып, бәрін жеңіп жүрдіңіз. Сол кездері күресті тастап кету жөнінде ешкім ештеңе деген жоқ па?
– Жоқ, ондай болған жоқ. Мен 1981 жылы Новосібірдегі электротехникалық институттың күрес секциясына қалай келдім, солай спорттан кеткенге дейін күрес залдарынан шыққым келмеді. Менің жалғыз бапкерім болды. Ол – Виктор Михайлович Кузнецов. Ал жарақат туралы айтсам, КСРО чемпионатынан кейін, 1988 жылы Еуропа чемпионатында тізеден жарақат алған болатынмын. Содан кейін қабырғам сынды, басқа да жағдайлар болды. Біздің кезімізде мұндай оқиғалар көп болатын. Қазір де бар ғой. Мысалы, Виктор Михайлович Игуменов қабырғасын сындырып, басынан жарақат алса да күресіп, үлкен жетістіктерге жеткен. Сондай-ақ, Николай Федорович Балбошинді де айта аламын. Ал Михаил Геразивич Мамиашвилидің (Ресей күрес федерациясының президенті) Хабаровскіде өткен жарыста қабырғасын сындырып, қиналып жатқанын көргенмін. Содан кейін ол Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алды.
Жарақат алып күресу – өміріңдегі маңызды оқиға емес. Менің өмірімде ең маңыздысы, ұлттық құрамаға ілігіп, жарыстарға қатысу болды.
– Сізден осы жайында сұрағаным, Сібірдің мінезін білгім келгені ғой. Сіз үшін Сібірден шыққан Олимпиада, әлем чемпиондарының мінезінде ерекшелік болды ма?
– Сібірдің мінезі дегеніміз – өзінен әр нәрсені талап ету, жауапкершілік жүктеу, басқаларға талапшыл болу. Ал біздің өңірден менен басқа биатлоннан төрт дүркін Олимпиада чемпионы Александр Тихонов, семсерлесуден үш дүркін Олимпиада чемпионы Григорий Кириленко мен Стас Поздняков шыққан.
– Спорттан дер кезінде кеттім деп ойлайсыз ба?
– 2000 жылғы Олимпиадаға соңғы рет қатысатын жарысым деп дайындалғанмын. Қазір соған қатыспау керек еді деп ойлаймын. Сол Олимпиадада әдемі кете алмадым... Әр нәрсенің өз уақыты болады екен.
– Содан кейін сіз Гарднермен Бейжің Олимпиадасында кездестіңіз ғой. Не туралы әңгімелестіңіздер?
– Олимпиадада екеуіміз комментатор болдық. Ол өз еліне, мен өз еліме жарыстан комментарий беріп отырдық. Содан кейін ол менен сұхбат алды.
– Ал сіз одан?
– Жоқ, менің оған сұрағым болған жоқ.
– Сіз қазір түсінген нәрсені бұрын түсінбеген кездеріңіз болды ма?
– Қазір көп нәрсені түсіндім. Адам алдымен адам болып, әр нәрсені сабырмен шешуі керек екен. Сосын “Сіз ұлысыз”, “Сізден артық ешкім жоқ”, “Сізден артық ешкім айта алмайды”, “Құрметті қонақ” деген сөздер адамды моральдық тұрғыдан өсірмейді, керісінше, құртып жібере ме деп ойлаймын.
– Сізді кітапты көп оқиды дейді. Қазір қандай кітаптар оқып жүрсіз?
– Әртүрлі кітаптар оқимын. Чехов, Достоевский, Куприн...
– Толстой...
– Жоқ, Толстойды айта алмаймын. Соңғы оқыған кітабым – “Цитадель” болды. Одан кейін “Жизнеописание Голда Мейер”, Лемарктің “Жизнь взаймы” деген кітаптарын оқып шықтым.
– Дәулет Болатұлымен көптен бері таныссыздар ғой. Қазақстаннан шыққан адамдардың арасынан тағы кіммен жақсы таныссыз?
– Анатолий Иванович Колесов – өте жақсы кісі, мәдениетті, өресі биік адам. Валерий Григорьевич Резанцевпен де әңгімелескен қызық. Ал Дәулетпен жасымыз сәйкес болғандықтан жақсы араласамын. Тағы Быков, Назаренко, Мельниченко, Матвеймен байланыс жасап тұрамыз.
– Ырымға сенесіз бе?
– Сенуге болатын жағдайда ғана. Егер күн қатты ысыса, жаңбыр жауады деген сияқты.
– Сізді депутаттық төсбелгі тақпайды дейді. Сол рас па?
– Мен ешқашан да орден, кеудебелгі тағып көрген емеспін. Халқымның жадында осындай қалпыммен сақталғым келеді.
– Қолыңызға қарап отырмын, сағат та тақпайды екенсіз.
– Сағат тағу міндет емес. Уақытты ұялы телефоннан біліп тұрамын. Мәскеудің емес, Новосібірдің уақытымен жүремін.
– “Жұлдыз ауруымен” ауырып көрдіңіз бе?
– Алғаш рет Олимпиада чемпионы болғанда өмірде бәріне жеттім деп ойладым. Бір күні ұшақта өзімше ақыл айтып отырғанымда бапкерім Виктор Кузнецов: “Үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Медведь сенің орныңда не істеп отыратын еді, соны айтайын ба?” дегенінде өз-өзіме келдім.
– Түсіңізде күресті жиі көріп тұрасыз ба?
– Жоқ, көрмеймін десем болады. Өйткені, күрес залдарына барып, кілемді жиі сипап жүремін.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен Дастан КЕНЖАЛИН.
P.S. 130 кг. салмаққа дейін үш дүркін (1988, 1992, 1996) Олимпиада чемпионы Александр Карелин тоғыз рет әлем чемпионатын (1989 – 1991, 1993 – 1995, 1997 – 1999), он екі рет Еуропа чемпионатын жеңіп алған. Сонымен бірге ол 2000 жылы Олимпия ойындарының күміс жүлдегері, 1988 жылы жастар арасындағы әлем чемпионы, 1988 – 2001 жылдар аралығында 13 дүркін КСРО және Ресей чемпионы атанған. Ол 1988 жылғы Олимпия ойындарынының ашылу салтанатында КСРО-ның, 1992 жылы ТМД-ның, ал 1996 жылы өз Отаны – Ресейдің жалауын алып шыққан. Ал өткен ғасырдың соңында халықаралық әуесқой күрес федерациясы Карелинге грек-рим күресінен ХХ ғасырдың балуаны атағын берді.
БАЛУАНДАР БӘСЕКЕСІ
Жуырда Астанада грек-рим күресінен Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы жолындағы халықаралық турнир өтті.
Астанада дәстүрлі түрде жарыстар өтіп тұратын “Дәулет” спорт кешенінде төселген кілемге Қазақстаннан басқа, Ресей, Түркия, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзірбайжан балуандары шығып, жекелеген салмақ бойынша күш сынасты. Оған құрметті қонақ ретінде Мәскеуден үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Карелин мен Михаил Мамиашвили келді.
Турнирді ұйымдастырушы “Самұрық-Қазына – Астана” корпоративтік қорының бас директоры Дәулет Тұрлыхановтың айтуынша, жылына бір рет өтетін байрақты бәсекенің осы жолғы мақсаты – талантты жастарды іріктеп, алдағы кезде болатын сындарға қатыстыру.
Турнирде жалпы командалық есеп бойынша Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болса, Түркия мен Ресей балуандары да қара жаяу еместігін дәлелдеп, жүлделі орындарға жайғасты. Бұл бәсекеде ұлттық құрама сапында аса ауыр салмақтағы Нұрмахан Тыналиев бас жүлдені жеңіп алса, биылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев та жақсы өнер көрсетті. Жарыстың жалпы жүлдесі 100 000 АҚШ долларын құрады. Оның 30 000, 20 000, 15 000, және 10 000 доллары финалға шыққан төрт балуанға табыс етілді.
Әсия ОРМАНОВА, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті.

Мәдениет • Кеше
Заң • Кеше
Атырауда тұрмыстық зомбылықтан 4 әйел көз жұмды
Отбасы • Кеше
Қызылорданың тазалығы тұрақты бақылауда
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Шетелдік валютаның бүгінгі бағамы қандай?
Қаржы • Кеше
Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
Әскер • 29 Қараша, 2025
Трамп Венесуэла үстінен әуе кеңістігін жабатынын жариялады
Әлем • 29 Қараша, 2025
Әлназарова: Жекеменшік клиниканың қызметін МӘМС есебінен алуға болады
Медицина • 29 Қараша, 2025
Жедел жоспар іске қосылды - Энергетика министрлігі КҚК-дағы төтенше жағдайға қатысты
Энергетика • 29 Қараша, 2025
Президент Индонезия мен Таиланд басшыларына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • 29 Қараша, 2025
Елімізде алғаш рет науқастардың жүрегіне соңғы шыққан кардиостимулятор қойылды
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алматыдағы үздік отбасы анықталды
Отбасы • 29 Қараша, 2025
Атырау облысында 13 мыңнан аса адам қант диабетіне шалдыққан
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Биыл Қостанай облысының агросаласына 207 млрд теңге бөлінді
Шаруашылық • 29 Қараша, 2025
Түркістан облысындағы кәсіпкерлердің 42 пайызы әйелдер
Әйел әлемі • 29 Қараша, 2025
Қазақстанның халық әртісі Рихангүл Махпирова 79 жасында дүниеден өтті
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда Airbus ұшақтарындағы бағдарламаны жаңарту бүгін аяқталады
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Астана әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр
Елорда • 29 Қараша, 2025
Патриоттық құндылықтарды нығайту мәселесі талқыланды
Заң мен Тәртіп • 29 Қараша, 2025
Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды
Спорт • 29 Қараша, 2025
Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері
Әлем • 29 Қараша, 2025
Өнер • 29 Қараша, 2025
Ауыл мектептері оқушыларының олимпиадасында 200 қатысушысы жеңімпаз атанды
Білім • 29 Қараша, 2025
Білім сапасы қандай? Сенаторлар Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты
Білім • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда депозиттер өсіп, халық үшін тиімді бола бастады
Депозит • 29 Қараша, 2025
Алматы дәрігерлері комада жатқан науқасқа үш операцияны қатарынан жасады
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қостанайда зейнеткерлер 3 млн теңгесін алаяқтарға аударып жібермек болған
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы: Салтанатты концертке 1500-ден астам адам қатысты
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Тұлға • 29 Қараша, 2025
Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025
Жәдігер • 29 Қараша, 2025
Түркістанды тұтастандырған кітап жәрмеңкесі
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Аймақтар • 29 Қараша, 2025