Медицина • Бүгін, 14:02

Қостанайдағы онкологиялық ауруханаға «Halcyon» желілік үдеткіші орнатылды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қалалық онкологиялық көпсалалы ауруханасына «Halcyon» желілік үдеткіші орнатылды. Заманауи құрылғы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен 2,7 млрд теңгеге сатып алынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайдағы онкологиялық ауруханаға «Halcyon» желілік үдеткіші орнатылды

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева онкологиялық ауруханаға барып, жаңа аппараттың жұмысымен танысты. Мамандар мұндай қымбат әрі аса қажет құрылғының өңірге бірінші рет әкелінгенін айтады.

Қатерлі ісік: Елдің онкологиялық картасында қандай өзгерістер бар?

Дәрігерлердің айтуынша, заманауи технологияның жемісі саналатын «Halcyon» желілік үдеткіші онкологиялық ауруларды жылдам, дәл әрі қауіпсіз қашықтықтан сәулемен емдейді. Басты артықшылығы – емдеу жүріп жатқанда науқастың жаны қиналмайды, жанама әсерлер азаяды және емдеу уақыты бұрынғыдан едәуір қысқарады.

− «Halcyon» желілік үдеткіші радиотерапияның халықаралық стандарттарына сәйкес келеді және емдеудің сапасын арттырады. Бізде бұған дейін мұндай «ақылды» аппарат болған жоқ. Сондықтан дертін асқындырып алған науқастарды Астана, Алматы тәрізді ірі орталықтарға жіберуге мәжбүр болып келдік. Енді жаңа қондырғы мұндай науқастарды осы ауруханада емдеуге мүмкіндік беріп отыр. Мұның сыртында, бюджет қаражаты үнемделеді. Сондай-ақ, жоғары технологиялық онкологиялық көмек қолжетімді бола түседі, − дейді дәрігерлер.

Павлодарда қанша адам онкологиялық ауруларға шалдыққан?

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Оқиға • Бүгін, 15:22