Саясат • Бүгін, 08:12

Әлеуметтік саланы өркендету – уақыт талабы

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту тақырыбында жиын өтті. Оған салалық министрліктердің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

Әлеуметтік саланы өркендету – уақыт талабы

Өңірдің денсаулық сақтау саласында бірқатар маңызды көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Мәселен, туберкулезден болатын өлім-жітім 7,1%-ға төмендеген. Сонымен қатар шешімін күткен мәселелер де бар. Атап айтқанда, интер­венциялық көмектің қолжетімділігін арттыру, скринингтік тексерулердің сапасын жақсарту және кадрлық әлеуетті нығайту бағытында нақты шаралар қабылдау қажет.

Облыстың білім беру жүйесін дамыту бойынша да жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өңірдегі 30 колледжде 593 кәсіпорынның қатысуымен дуалды оқыту жүйесі сәтті енгізілген. Мектептерде цифрландыру мен жасанды интеллект технология­лары белсенді түрде қолданылып келеді. Сонымен қатар арнайы педагог кадр­ларының тапшылығын жоюға бағыт­талған жұмыстар атқарылуда.

Қостанай облысындағы жоғары білім беру саласы да тұрақты оң өсімді көр­сетіп отыр. Кейінгі үш жылда студенттер саны 15,3%-ға артқан. Халықаралық қос дип­ломды білім беру бағдарламалары кеңейіп, кадрларды практикаға бейімдеп даярлау күшейтілуде. «KIA» компаниясымен ынтымақтастықтың нәтижелілігі де айқын. «Автомобиль өнеркәсібінің инжинирингі» бағдарламасы аясында оқыған 22 студенттің 17-сі бүгінде тұрақты жұмыспен қамтылған.

Сонымен қатар азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру дең­гейінің төмендігі негізгі түйткілдердің бірі ретінде аталды. Облыс әкімдігіне осы бағытта жұмысты күшейту тапсырылды.

Өңірде бүгінде 580 мәдениет және архив мекемесі жұмыс істейді. Кейінгі үш жылда 31 нысан жөндеуден өтіп, 5 жаңа мәдениет мекемесі салынған. Дегенмен мәдени инфрақұрылымды жаңғыртуға деген қажеттілік әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.

Туризм саласында Қостанай облысы­ның әлеуеті зор болғанымен, туристік инфрақұрылымды дамыту мәселелері де өзекті. Сондай-ақ инклюзивті спортты дамытуға да ерекше назар аудару қажеттігі атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары бір­қатар нақты тапсырмалар берді. Атап айт­қан­да, про­филактикалық және ақпарат­тық-тү­­сіндіру жұмыстарын күшейту, кадр­­­­лық әлеуетті дамыту, сондай-ақ әлеу­мет­­­тік сала­ның негізгі бағыттары бойын­ша кешенді шараларды іске асыру тапсырылды. 

Соңғы жаңалықтар