Тағайындау • Бүгін, 10:22

Шымкент қаласына жаңа прокурор тағайындалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Елдос Әлиханұлы Сағиев Шымкент қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

Шымкент қаласына жаңа прокурор тағайындалды

Фото: Бас прокуратура

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Елдос Сағиев прокуратура органдарындағы қызметін Ақмола облысы Шортанды ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған.

Шымкенттегі жас қыздың өлімі: Күдіктінің үстінен тағы бір іс қозғалды

Әр жылдары Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қостанай және Маңғыстау облыстары бойынша департаменттерінде, Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

Шымкентте тағы бір әйелді пышақтап кетті: Полиция қару қолдануға мәжбүр болды

2022 жылдың тамызынан Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау қызметінің бастығы болды.

Шымкенттегі жаппай төбелес: Кісі өліміне қатысты тағы үш күдікті ұсталды

Соңғы жаңалықтар

Астана қаласының прокуроры ауысты

Тағайындау • Бүгін, 11:35