10 Шілде, 2010

АЛАЯҚТЫҚ ЖҮЗЕГЕ АСПАДЫ

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанайда ірі көлемде ақша жым­қырғысы келген алаяқтық­тың жолы кесілді. Кеден ор­ган­дарындағы нысанның киімін киген біреу Қостанай облысы бой­ынша қазынашылық депар­та­ментіне келіп, жасанды қар­жы­лық құжаттар ұсынған. Сол арқылы кедендік бақылау де­пар­таментінің депозиттік шо­тынан 100 миллион теңге көлеміндегі қаржыны заңды тұлғаның есеп айырысу шотына аудартуға ниеттенген. Кеденші кейпіне кірген алаяқ ұсынған құжаттарға күдік­тенген қазынашылық департа­мент қызметкері дереу кедендік бақылау комитетіне хабарлас­қан. Ал оңай олжаға батқысы кел­ген арам ниетті азамат ізін жасырып үлгерген. Сот-крими­налистік сараптама қорытын­ды­сы Қостанай облысы бойынша қазынашылық департаментіне ұ­сы­нылған құжаттарға қойылған мөр де, Қостанай облысы бой­ын­ша кедендік бақылау депар­та­менті басшыларының қол­да­ры да жасанды екенін анықтады. Осы оқиға бойынша облыс­тағы кедендік бақылау департа­менті Қылмыстық кодекстің 24-бабы (қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға қастық ой­лау) және 177-бабы, 3-бөлі­мінің “б” тармағы (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде кеденшілер мен қаржы полициясы бірігіп, шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, ҚОСТАНАЙ.
Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025