«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы 2024 жылы 1 қаңтарда іске қосылды. 2024 жылы әр балаға 100,52 доллардан бөлінген болатын. 2025 жылы 129,38 доллар есептелді.
Балаларға есептелетін сома жыл сайын Ұлттық қордың ұзақ мерзімді инвестициялық табысының жартысынан және қордағы валюта активтерінің көлеміне қарай қалыптасады. Сонымен қатар алдыңғы жылдары балалар шотына есептелген қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қор портфелінде инвестициялана береді, сол арқылы қосымша табыс әкеледі.
Инвестициялық табыстың көлемін ескергенде, үш жылдан бері бағдарлама іске асқалы жинақталған жалпы сома бір балаға 370,56 долларды құрады. Тиісті ақпаратпен электронды үкіметтің eGov mobile мобильді қосымшасында және kids.enpf.kz сайтында танысуға болады.