Аймақтар • Кеше

Биыл Жамбыл облысында 76 канал жөнделеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында биыл Ислам даму банкінің қаржыландыруымен 76 каналға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Жамбыл облысында 76 канал жөнделеді

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдірәсіл Желеубаевтың айтуынша, жөндеу жұмысы жүргізілетін каналдардың жалпы суару алаңы 51,4 мың гектарды құрайды екен. Алқаптарға су жеткізу мүмкіндігінің шектеулі болуына байланысты суармалы егістік көлемі қысқартылмақ.

«2026 жылы егіс алқаптарының жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 16,7 мың гектарға азайып, 623,3 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда. Бұл ретте егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға ерекше көңіл бөлініп, суды аз қажет ететін дақылдарға басымдық беріледі», дейді басқарма басшысы.

Жамбыл облысында 40 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Соңғы жаңалықтар