Технология • Кеше

iPhone-да геолокацияны оператордан жасыратын функция пайда болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Apple компаниясы iPhone смартфондарына жеке деректердің құпиялылығын қорғауға арналған жаңа мүмкіндік қосты. Енді кейбір елдерде iPhone қолданушының нақты қай жерде жүргенін ұялы байланыс операторларынан жасыра алады, деп жазады Egemen.kz.

iPhone-да геолокацияны оператордан жасыратын функция пайда болды

Фото: appple.com

Бұл жаңа функция iOS 26.3 жүйесінің үшінші бета-нұсқасында пайда болды. Apple оны құпиялылықты күшейту үшін енгізіп отыр. Жүйеде бұл мүмкіндік iPhone-ның нақты геолокациясын шектейді деп сипатталған.

Apple бүктелетін iPhone жобасын жеделдетті

Мұның қалай жұмыс істейтінін қарапайым тілмен айтсақ, әдетте ұялы байланыс желілері телефонның қай базалық стансаға қосылғанына қарап, адамның шамамен қай жерде жүргенін біледі. Ал жаңа қорғаныс осы үдерісті шектейді.

Дегенмен бұл функция барлық iPhone-ға бірдей қолжетімді емес. Ол тек Apple-дің өз модемдері орнатылған құрылғыларда жұмыс істейді. Қазір бұл қатарға iPhone Air, iPhone 16e және M5 чипі бар iPad Pro кіреді.

Тағы бір маңызды жайт – функция барлық елде іске қосылмаған. Қазір тек кейбір аймақтар мен операторларда ғана қолжетімді. Мысалы, АҚШ-та Boost Mobile, Ұлыбританияда EE мен BT, Германияда Telekom, ал Таиландта AIS пен True желілерінде жұмыс істейді.

Сонымен қатар бұл қорғаныс толық шектеу емес. Егер адам жедел қызметтерге қоңырау шалса, телефонның орналасқан жері жасырылмайды.

2026 жылы iPhone 18 шықпауы мүмкін

Соңғы жаңалықтар