Әлем • 26 Қаңтар, 2026

Аспаннан түскен апат: Бразилияда найзағай соққысынан 72 шеруші жараланды

41 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бразилия астанасында бұрынғы президент Жуселину Кубичек ди Оливейраның мемориалына жиналған адамдардың үстіне найзағай түсті. Салдарынан кемінде 72 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аспаннан түскен апат: Бразилияда найзағай соққысынан 72 шеруші жараланды

фото: news.rambler.ua

Оқиға жексенбі күні түстен кейін митингке қатысушылар елдің бұрынғы басшысы Жаир Болсонарудың жақтастарының келуін күтіп тұрған сәтте болған.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода найзағайдың түскен сәті анық көрінеді. Мәліметке сәйкес, іс-шараның қауіпсіздігін бақылап жүрген өрт сөндіру бөлімшелері жедел көмек көрсету үшін арнайы шатыр тіккен.

АҚШ-тағы иммиграциялық дағдарыс: Миннеаполис тұрғындары Трамп саясатына қарсы көтерілді

Ресми деректерге сүйенсек, зардап шеккендердің басым бөлігіне медициналық көмек оқиға орнында көрсетілген, ал 29 адам ауруханаға жеткізілген. Ауруханаға жатқызылғандардың сегізінің жағдайы ауыр.

«Найзағай түсті де, бәріміз сұлап түстік. Есімізді жиып, бір-бірімізге көмектесе бастағанға дейін не болғанын түсінбедік. Адамдар үрейленіп, жан-жаққа қаша бастады. Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем сол жерде болғанымен, адам тым көп еді. Найзағай тура алдымызға, музыкалық платформаның жанына түсті», деп сипаттайды оқиға ортасында болғандардың бірі.

Жиналғандардың кейбірі жарақат алмағанымен, қатты қорқып қалған.

Соңғы жаңалықтар