Өткен жылы жаяу жүргіншілер жол ережесін бұзған 11 243 дерек анықталыпты. Одан бөлек, автокөлік жүргізгендер 5 651 рет жаяу жүргіншіге кедергі келтірген. Әр факті бойынша полиция қызметкерлері түсіндірме және профилактикалық жұмыстар жүргізген.
Полицейлер жол ережесін қатаң сақтап жүруге шақырады. Бұл өзінің де, басқалардың да өмірін сақтаудың бірден-бір жолы. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.