Оқиға • Бүгін, 17:45

Маңғыстауда үш көлік соқтығысты: Бір адам ауруханаға жеткізілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында үш автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда үш көлік соқтығысты: Бір адам ауруханаға жеткізілді

Фото: @112_aktau / Instagram

Lada.kz-тің жазуынша, жол апаты 22 қаңтарда Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында тіркелген. Атап айтқанда, Daewoo Gentra, «ГАЗ-33021» және Toyota Camry көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Атырауда бір жылда жол апатынан 96 адам қайтыс болған

«Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр», делінген хабарламада.

Айта кетсек, 16 қаңтарда республикалық маңызы бар Ақтау – Бейнеу автожолында жол-көлік оқиғасы болып, адам шығыны тіркелді. Бірқатар азамат түрлі деңгейдегі жарақаттар алды.

Соңғы жаңалықтар