Пікір • Кеше

Аса маңызды саяси үдеріс

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміз жаңа саяси әрі конституциялық кезеңге табан тіреп жатыр. Яғни қазір елімізде ұлт болашағын айқындайтын саяси маңызды іс-шаралар басталды. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған конституциялық реформалар ауқымды әрі түбегейлі сипатқа ие. Бұл – Ата заңның ғана емес, сонымен бірге еліміздің саяси институттарының жаңа кезеңге қадам басып, елеулі трансформацияға бет алғанын көрсетеді.

Аса маңызды саяси үдеріс

Сурет: check-point.kz

Парламенттің халқымыздың ұлттық санасында өзіндік орны бар ұғым, атына заты сай «Құрылтай» сөзімен аталып, қайта құ­­рылуы – реформалардың бір бөлігі ғана. Мұнда 145 депутат пен 8 комитет болады, бұл қазіргі Сенаттағы 6 комитет пен Мәжілістегі 7 ко­ми­­­тетке қарағанда кеңірек өкі­­­лет­тіктер мен жаңа инте­гра­циялық мүмкіндіктер бере­ді. Осы өзгерістер ел Пар­­­ламентінің жұмысына үлкен саяси жаңалық әкеледі. Әрі мемлекеттің инсти­туционалдық тұғырын нығай­тып, «Күшті Президент – ық­пал­ды Пар­ламент – есеп бере­тін Үкімет» қағидатына сәйкес орнықты саяси жүйе қалыптасады.

Сонымен қатар Қазақ­стан­­ның Халық кеңесі атты жаңа жоғары консультативтік органның құрылуы да – маңыз­ды саяси қадам. Оның құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де болады. Сондықтан Ассамблеяны таратып жатыр деген пікір – қате түсінік. Бұл құрылым еліміздегі бірлік, тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайту жолында үлкен рөл атқарып келді.

Қорыта айтқанда, Қы­зылорда облысында өткен Құ­рыл­тай – еліміздің Кон­ститу­ция­лық жаңару дәуірінің табалдырығында тұрғанын көрсетеді. Бұл – байыппен жүзеге асатын, ел болашағы үшін аса маңызды саяси үдеріс.

 

Геннадий ШИПОВСКИХ,

Сенат депутаты

Соңғы жаңалықтар

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20