Білім • Бүгін, 08:02

Жас ғалымдарға арналған мектеп

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

С.Торайғыров университеті базасында жас ғалымдар мен оқытушыларға арналған Қысқы мектеп ұйымдас­ты­рылды. Оның мақсаты – жоғары білім саласындағы жас оқытушылар мен зерттеушілер арасында кәсіби диалог орнатып, ғылыми және академиялық трендтерді педагогикалық қызметте тиімді пайдалану. Сондай-ақ ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру мүмкіндігін кеңейту.

Жас ғалымдарға арналған мектеп

Бағдарлама аясында «The First Steps: оқытушының құралдары, тәжірибесі және ресурстық жай-күйі» бағыты бойынша жас оқы­тушыларға арналған сессия­лар өткізілді. Онда цифрлық педагогика, бағалау жүйелері мен заманауи оқыту әдістеме­лері мен кәсіби даму мәселелері қамтылды. Бағдарлама барысында ғылыми жарияланымдар, гранттық қаржыландыру мен халықаралық бағдарламалар, зият­керлік меншік және ғы­лы­ми зерттеулерді коммерция­лан­дыруға арналған модульдер өтті.

Айталық, ғылыми нәтиже­лер­ді коммер­циялан­дыру­ға ар­­налған сессияда «Ғылым қоры» АҚ Инвестициялар және жаңа жобалар департаментінің дирек­­торы Айжан Жексембаева ком­мерцияландыруға арналған грант­тық бағдарламаның талабын тү­­сіндірді. Ал PhD, салалық са­рап­шы Арын Орсариев елі­міз­дегі технологияларды коммер­ция­­лан­дыру тәжірибесі мен инвес­тиция тарту және бизнес-мо­­дель­­дерді қалыптастырудағы прак­­­­тикалық кейстер туралы баяндады.

1

Сонымен қатар халық­ара­лық ғылыми ынтымақтастықты да­мы­туға арналған сессияда «Horizon Europe», «Erasmus» ­және өзге де бағдарламалар аясын­да­­ғы мүм­­кіндіктер таныстыры­лып, С.Торайғыров университеті­нің еуропалық ғылыми кеңістік­ке интеграциялану бағытындағы жұмысы атап өтілді. Сондай-ақ Ұлттық зияткерлік меншік инс­­титуты директорының орын­­­басары Айдын Артықова, «Clarivate» компаниясының ­ТМД елдері бойынша ресми ­өкілі Инеш Кенжина, «Informascope» компаниясының Орталық Азия­дағы консультанты Рәбиға Қожамқұл өз бағыттары бойынша тың ақпаратпен бөлісті.

Мазмұнды іс-шара соңын­да қатысушылар ғылыми жоба­лар­ды әзірлеу, гранттық өтінім­дер дайындау, зияткерлік мен­шікті қорғау және ғылыми нәти­же­лерді коммерцияландыру бо­йынша практикалық дағ­ды­ларға ие болды. Бұл бас­тама жас ғалымдарды қолдау мен университет ғылымының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

 

Азамат ҚҰСАЙЫН 

Соңғы жаңалықтар