Спорт • Кеше

Олимпиадаға қатысатын биатлоншылар белгілі болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан биатлоншылар одағы жаттықтырушылар штабымен бірлесіп, Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олимпиадаға қатысатын биатлоншылар белгілі болды

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Жаттықтырушылар кеңесінің шешімімен Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Милана Генева, Айша Ракишева қысқы Олимпиадада сайысады. Федерацияның мәліметінше, бұл құрам – ұлттық құраманың тарихындағы ең жас командалардың бірі. Спортшылар 24-25 жаста.

Құрама қазіргі уақытта Чехияда оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр және Әлем кубогінің кезекті кезеңінде бақ сынайды. Бұл турнир Олимпиадаға дайындықтың соңғы кезеңі болмақ. Одан кейін олимпиадалық құрама Италияға оқу-жаттығу жиынына аттанады.

Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиадада биатлон жарыстары 8 ақпанда басталады.

Бұған дейін Қазақстан биатлоншыларына 4 жолдама берілгенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар