Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026

Полиция дерегі: Алаяқтардың арбауына көбінде кімдер ілінеді?

21 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алыста отырып-ақ аңғал жанның қалтасын қағуға әбден машықтанып алған алаяқтардың қулығына құрық бойламай тұр. Полиция мәліметінше, Қостанай қаласының тұрғындары 2 млрд 270 млн теңгесін өз еркімен алаяқтарға берген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция дерегі: Алаяқтардың арбауына көбінде кімдер ілінеді?

Қалалық полиция басқармасының бастығы Болат Имановтың сөзінше, аталған сома тек полициядан көмек сұрап келген жәбірленушілер берген дерек бойынша алынып отыр. Ал іс жүзінде қала тұрғындарының алаяқтарға алдыртқан ақшасы бұдан әлдеқайда көп.

Үйсіз-күйсіз қалды: Павлодарлық зейнеткер алаяқтардың арбауымен баспанасын сатып жіберген

«Біз алаяқтық дерегін күн сайын тіркеп отырмыз. Қаңтар айы басталғалы 16 күннің ішінде 22 алаяқтық қылмысы тіркелді. Бізде алаяқтардың құрығына көбіне зейнеткерлер түсіп қалады деген ұғым қалыптасып қалған. Алайда полицияға келіп түскен шағымдарға сәйкес, зардап шеккен азаматтардың дені 18-44 жас аралығындағы еңбекке қабілетті азаматтар», дейді қала полициясының бастығы.  

Полиция алаяқтарға алданып қалмаудың 5 негізгі ережесін атады

Соңғы жаңалықтар