Пікір • Бүгін, 08:17

Ғылым заманға бейімделуі керек

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыған дейінгі Ұлттық құрылтайларда көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен іске асып келеді. Ендігі мәселе – ғылымды экономикаға бейімдеу. Бұл бағыттағы жұмыстарды саралағанда ғылыми тақырыптар экономика сұранысын емес, ғалымдар мүмкіндігіне қарай қалыптасатыны байқалады.

Ғылым заманға бейімделуі керек

Сурет: sknews.kz

Ұлттық ғылым академиясы форсайт тәсілін тұрақты жос­парлау құралына айналдыруға қол жеткізді. Екі жыл ішінде өңірлік және салалық сессиялар өткізіп, 220 перспекти­валы міндет пен 65 ғылыми-техникалық тапсырма әзірледік. 

Осыған дейін жеткілікті көңіл бөлмеу салдарынан көптеген ғылыми мектептен айырылып қалдық. Осыған байланысты Ұлттық ғылым академиясы «Korea Institute of Science and Technology Information» ұйымымен бірлесіп «AI SilkNet» орталығын құрды. Бұл бізге әлемдегі жаңа технология туралы кеңінен дерек алуымызға мүмкіндік береді. Ғылымдағы озық технологиямен қатар күні өткен әдістерді де осы орталық арқылы анықтап, өзімізге тиімдісін таңдай аламыз. Бүгінгі сессия отырысында алда осы бастаманы дамытып, Орталық Азиядағы қызмет ететін ақпараттық орталыққа айналдыруға болатыны жөнінде ұсыныс
айттым. 

Өңірлік ғылымды дамыту да алда тұрған үлкен мәселенің бірі. Біздегі ғалымдардың дені Астана мен Алматы қаласында шоғырланған. Бөлінген қаржының көп бөлігі осы қалалар үлесіне тиеді. Өңірлік ғылым түрлі бағыттағы қолдаулардан да қағажу қалып келеді. Ғылымның экономиканы дамытуға әсерін арттыру үшін  осыған жете мән беруіміз керек.

 

Ақылбек КҮРІШБАЕВ,

Ұлттық  ғылым академиясының президенті

Соңғы жаңалықтар