Фото: Turizm jane sport ministrligi
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстан еншісінде келесі спорт түрлерінен лицензиялар бар:
Фристайл-могул – Павел Колмаков, Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Анастасия Городко.
Фристайл-акробатика – Дінмұхаммед Райымқұл, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асан Асылхан, Аяна Жолдас.
Биатлон – 2 ер, 2 әйел спортшы (есімдері Ұлттық құрама бапкерлер кеңесінен кейін анықталады)
Тау шаңғысы спорты – Ростислав Хохлов, Александра Скороходова.
Шаңғы қоссайысы – Шыңғыс Ракпаров.
Шаңғы жарысы – Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков, Виталий Пухкало, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина.
Шаңғымен тұғырдан секіру – Данил Васильев, Илья Мизерных.
Конькимен жүгіру спорты – Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.
Шорт-трек – Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.
Мәнерлеп сырғанау – Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.
Ел спортшылары қысқы Олимпиада ойындарында қандай киім үлгісімен өнер көрсетеді?
Айта кетейік, бұл тек 2025-2026 жылғы маусымдағы лицензиялық кезеңдер нәтижесіндегі көрсеткіш. Алдағы уақытта Халықаралық Олимпиада комитетінің есебінен қосымша жолдамалар берілуі мүмкін.
Олимпиада лицензиясына қатысты қорытынды ақпарат қаңтардың аяғында белгілі болады. XXV қысқы олимпия ойындары Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.
Қазақстан телеарналары қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді