Бірлік пен ынтымақ. Осы өмірге аса қажетті заңдылықты ұстанған акция екі айдан астам уақыт еліміз бойынша жалғасын тауып келеді. Әлеуметтік бағдар барысында тиімді, ауқымды, мұқтаж жандар үшін пайдалы істердің тиянағы келтірілгеніне көз жетті.
“Бірлігіміз жарасқан!” акциясымен Жетісу өңірінде бүгінгі қаржы дағдарысының аз да болса салқыны сезілген тұста билік, азаматтық қоғам мүшелері және кәсіпкерлердің бірігуімен үлкен күшке айналып, әлеуметтік мәселелер оң шешілуде.
Жастар бұл бастамаға өз күш-жігерлерін жұмсады. Нәтижесінде, Қызылағаш ауылындағы су тасқынының зардаптарын жоюға бар мүмкіндік жұмылдырылды. Бүгін ауыл танымастай өзгеріп, елді мекеннің шығысынан 7000 түп саялы ағаш көшеттері жапырақ жайып, самал желмен тербеліп, жаңарған ауылдың келешегінің кемелдігін дәлелдеуде.
“Бірлігіміз жарасқан!” акциясымен аудан, қалаларда жастар бастамасымен форумдар өтуде. Онда мемлекеттік рәміздерге деген шынайы көзқарас, туған ел мен жерге деген сүйіспеншілік пен бір-біріне деген ізгілікті істер біріккені айқын аңғарылды. Оған мектеп оқушысынан бастап, аудан әкімі, дәрігер мен мұғалім, ауылдың қадірменді қариялары көптеп қатысқаны ұрпақ сабақтастығының жарқын дәлелі.
Бір ғана мысал. Ескелді ауданы, Көкжазық ауылындағы облыстық “Айналайын” балалар үйінің жазғы лагерінде 2007-2011 жылдарға арналған “Қазақстан балалары” бағдарламасы аясында “Қуан, сәби” шақыруымен қаншама жас жүрекке жол табылып қуантты. Жарастықты жандарына серік еткен “Алтын жүрек” ұлттық-қоғамдық сыйлығының жеңімпаздары – “Мұрагер” серіктестігінің бастығы А.Селюнин, Е.Есімханов, тағы басқалар жазғы каникулын өткізген бүлдіршіндерге базарлықтарын беріп, жомарттықтарын тағы да дәлелдеді. Ал, жыл сайын “Айналайынның” бүлдіршіндерін жаз бойы үйіне қонақ ететін отбасылары бұл дәстүрді биыл да жалғастырды. Олар отбасы жылылығын сезініп, өздерін әкелік-аналық мейірімге бөлейтін жандардың бар екендігін сәби жүрегімен қабылдады.
Ал, Іле ауданының “Каз ЦИК” ауылдық округіндегі кәсіпкер азаматтар да бұл істен шет қалмай, жылдың әр мезгілінде әлеуметтік жағынан жеткіліксіз қамтылған отбасыларына көмектесіп, киім, азық-түлік берумен қатар, саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында футбол, волейбол ойындарынан жарыс өткізуді дәстүрге айналдырған. Астана күніне орай “Менің Қазақстаным”, “Елордаға менің тартуым”, “Елорда – армандардың асқары” тақырыптарында жастар арасында сурет салу, ән айтып, шығарма жазудан бәсеке өткізілді. Ұшқыр қиял, терең ой, тартымды пікірлер тоғысынан табылғандар арнайы сыйлықтарға ие болып, марапатталды.
Осылайша жастардың жақсылыққа деген ниеті мен жеке шығармашылығының көкжиегінің кеңдігі тағы бір қырынан танылды.
Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.
ТАТУЛЫҚ – ЕЛДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізгі міндеттердің ішінде ел бірлігін сақтауға айрықша мән беріп, оның келешек үшін аса маңызды екендігін атап көрсетіп келеді. Шын мәнінде, тәуелсіздігіміздің тірегі тағы да тереңдей түсу үшін татулық пен келісім, ел мен жерге деген сүйіспеншілік, сол арқылы келетін тұрақтылық пен ынтымақ қазір бізге ауадай қажет. Бұл тұрғыда елімізде арнайы бағдарлама бойынша ауқымды жұмыс жүріп жатқаны белгілі. Әсіресе, Қазақстанды мекендейтін этностардың татулығы мен бірлігі бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының жүргізіп отырған нәтижелі жұмыстары бүгінгі таңда әлем назарын өзіне аударуда.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде де кіші ассамблея жұмыс істейді. Ол ұйымға біздің факультет студенттері де мүше болып, белсенді түрде жұмыс жүргізуде. ОҚМУ-да қазақтармен қатар 29-дан астам этнос өкілдері білім алып жатқан болса, соның ішінде шетел студенттерімен жұмыс жүргізу жөніндегі факультетте 11 елден келген өзге ұлттың жастары оқиды. Аталмыш факультетте тәрбие жұмысы бойынша басқа факультеттерге қарағанда біршама ерекшелік бар. Мұнда білім алып жатқан әр елдің өкілдері бір-бірінің тілін, мәдениетін, әдебиетін тану үшін танымдық іс-шаралар үздіксіз жүргізіліп тұрады. Факультетте тілдің үштұғырлығы саясаты жақсы көрініс тапқан деп мақтанышпен айтуға болады. Өйткені, біздің факультетте оқитын жастардың көпшілігі 3-4 тілді меңгерген. Соның ішінде, қазақ тілін осы жерге келіп үйренген шетелдік жастар да баршылық. Мысалы, Түрік мемлекетінің азаматтары Хардал Бекир мен Мехмет Чатыллы, тәжікстандық Анварзада Сухроб секілді азаматтар қазақ тілін бүгінде толық үйреніп қана қоймай, Қазақстанның мемлекеттік тілін насихаттауда, ұлтаралық бірлікті нығайтуда өзгелерге үлгі болып жүр. Біз осындай шәкірттерімізбен мақтанамыз. Мұнда білім алып жатқан әр елден келген жастармен тілдесе қалсаңыз Қазақстан және Елбасы Н.Назарбаевтың жүргізіп отырған саясаты туралы тебірене сыр шертеді.
Қытайдан келіп білім алып жатқан ағылшын тілі факультетінің студенті Нәзигүл Шарпурен: “Атажұртқа келуді бала кезден армандаушы едім. Мен таза қытай мектебін бітірдім. Қазақ тілінде тек отбасында ғана сөйлейтінбіз. Енді, міне, бүгінде Қазақстандағы үлкен білім ордасында қандас бауырларыммен, сондай-ақ өзге ұлт өкілдерімен бірге оқып жүрмін. Университеттегі кіші ассамблеяның ұйымдастырған іс-шараларына белсене қатысып келемін. Бізге жасап жатқан қамқорлығы үшін Мемлекет басшысына, университет басшылығына дән ризамын. Ендігі мақсатым – Қазақстан азаматтығын алып, Отанымның гүлденуіне өз үлесімді қосу. Ынтымағы жарасқан тарихи Отанымда өмір сүру – мен үшін үлкен бақыт!” дейді.
Белсенді жастардың ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін “Студенттік алғашқы белес” атты жастарды студент қатарына қабылдау іс-шарасы осында білім алып жатқан жастардың бір-бірімен достық қарым-қатынас жасауында үлкен рөл атқаратынын да айта кеткен жөн. Бұл іс-шарада шетелдік студенттер Қазақстан жерінде өз ұлттарының киімдерін киіп, асқақтата ән салып, мың бұралып би билеп, өз елдерінің мәдениеті мен өнерін көрсетеді. Сондай-ақ, әр ұлт өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын да дайындап келіп, көпшілікке таныстырады. Бұл да университетте ұлтаралық қатынастың жақсы жолға қойылғанын айғақтайды.
Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті, бейбіт өмір сүріп жатқандығы Президентіміздің сындарлы саясатының жемісі екені рас. Сол идеяны одан ары жалғастыру, елдегі татулық пен ауызбіршілікті насихаттау – Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір азаматтың парызы.
Сейдехан ӘЛІБЕК, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің шетел студенттерімен жұмыс жүргізу жөніндегі факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы. ШЫМКЕНТ.

Мәдениет • Кеше
Заң • Кеше
Атырауда тұрмыстық зомбылықтан 4 әйел көз жұмды
Отбасы • Кеше
Қызылорданың тазалығы тұрақты бақылауда
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Шетелдік валютаның бүгінгі бағамы қандай?
Қаржы • Кеше
Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
Әскер • 29 Қараша, 2025
Трамп Венесуэла үстінен әуе кеңістігін жабатынын жариялады
Әлем • 29 Қараша, 2025
Әлназарова: Жекеменшік клиниканың қызметін МӘМС есебінен алуға болады
Медицина • 29 Қараша, 2025
Жедел жоспар іске қосылды - Энергетика министрлігі КҚК-дағы төтенше жағдайға қатысты
Энергетика • 29 Қараша, 2025
Президент Индонезия мен Таиланд басшыларына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • 29 Қараша, 2025
Елімізде алғаш рет науқастардың жүрегіне соңғы шыққан кардиостимулятор қойылды
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алматыдағы үздік отбасы анықталды
Отбасы • 29 Қараша, 2025
Атырау облысында 13 мыңнан аса адам қант диабетіне шалдыққан
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Биыл Қостанай облысының агросаласына 207 млрд теңге бөлінді
Шаруашылық • 29 Қараша, 2025
Түркістан облысындағы кәсіпкерлердің 42 пайызы әйелдер
Әйел әлемі • 29 Қараша, 2025
Қазақстанның халық әртісі Рихангүл Махпирова 79 жасында дүниеден өтті
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда Airbus ұшақтарындағы бағдарламаны жаңарту бүгін аяқталады
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Астана әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр
Елорда • 29 Қараша, 2025
Патриоттық құндылықтарды нығайту мәселесі талқыланды
Заң мен Тәртіп • 29 Қараша, 2025
Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды
Спорт • 29 Қараша, 2025
Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері
Әлем • 29 Қараша, 2025
Өнер • 29 Қараша, 2025
Ауыл мектептері оқушыларының олимпиадасында 200 қатысушысы жеңімпаз атанды
Білім • 29 Қараша, 2025
Білім сапасы қандай? Сенаторлар Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты
Білім • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда депозиттер өсіп, халық үшін тиімді бола бастады
Депозит • 29 Қараша, 2025
Алматы дәрігерлері комада жатқан науқасқа үш операцияны қатарынан жасады
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қостанайда зейнеткерлер 3 млн теңгесін алаяқтарға аударып жібермек болған
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы: Салтанатты концертке 1500-ден астам адам қатысты
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Тұлға • 29 Қараша, 2025
Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025
Жәдігер • 29 Қараша, 2025
Түркістанды тұтастандырған кітап жәрмеңкесі
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Аймақтар • 29 Қараша, 2025