Үкімет • 14 Қаңтар, 2026

Үкімет геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөледі

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағын геологиялық зерделеуді қазіргі заманғы геологиялық барлау әдістерімен қамтуды ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет биыл жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кіріседі, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөледі

Фото: egemen.kz

Өткен жылы 100 мың шаршы шақырым жалпы алаңда 1:50.000 масштабты геологиялық түсірілім жүргізуге 20 жоба әзірленген. Одан кейін жыл сайын 30 мың шаршы шақырым болатын ең перспективалы учаскелер қамтылды.

Алдағы үш жылда жоғарыда аталған 20 жобаны жүзеге асыру үшін, сондай-ақ аз зерттелген шөгінді бассейндер аумағында сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізуге, қазіргі заманғы геологиялық инфрақұрылымды құруға 240 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр.

Жер қойнауы жаңа ережемен игеріледі

Жобаларға жерді қашықтықтан зондтау деректерін талдау, аэрогеофизикалық және геохимиялық зерттеулер, далалық жұмыстар кешені кіреді. Учаскелер тізбесін жасау кезінде қорлардың сарқылу факторлары, жер қойнауын пайдаланушылардың болмауы не ең аз саны және пайдалы қазбалардың басым түрлері бойынша перспективалылығы ескерілді.

Нәтижесінде мыс, алтын, қорғасын, мырыш, сирек жер элементтері, барит, боксит кен орындарын анықтау бойынша әлеуеті жоғары алаңдар анықталды. Бұдан бөлек, аз зерттелген мұнай-газ перспективалы Солтүстік Торғай, Шу-Сарысу және Сырдария бассейндерінде сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ зертханалық-талдамалық базаны жаңғырту және геологиялық деректерді цифрландыру көзделген.

Жер қойнауын пайдаланушылар жаңа технологияларды қолдана бастады

Осы масштабта жер қойнауын геологиялық зерттеуге көшу Еуропалық Одақ, Канада, Австралия, Қытай елдерінің халықаралық тәжірибесіне сәйкес келіп, геологиялық болжамдардың дәлдігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Аймақтық картаға егжей-тегжейлі түсіру перспективалы аумақтарды анықтау, геологиялық және инвестициялық тәуекелдерді азайту және кейіннен геологиялық барлау мен пайдалы қазбаларды өндіруге жеке инвестицияларды тарту үшін базалық негіз болады.

Соңғы жаңалықтар