Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет экономиканы әртараптандыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдап отыр. Былтыр экономикалық өсімге негізгі үлесті көлік, құрылыс пен сауда салалары қосты.
Өнеркәсіп өндірісінің индексі жыл қорытындысы бойынша 7,4%-ды құрады. Өңдеу секторы 6,4% деңгейінде тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Көрсеткіштер азық-түлік өндірісінің 8,1%-ға, өңделген мұнай өнімдерін өңдеу 5,9%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінің 9,8%-ға, металлургияның 1,2%-ға, машина жасау өнімдерінің 12,9%-ға ұлғаюына байланысты қамтамасыз етілді. Өсім Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Түркістан облыстарында, Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында байқалды.
Көлік және қоймалау саласындағы өсім 20,4%-ды құрады (қаңтар-қарашада – 20,3%). Бұл жүк тасымалы көлемінің, ең алдымен автомобиль мен теміржол көлігі арқылы тасымалдаудың ұлғаюына, сондай-ақ бірқатар өңірде жолаушылар тасымалының артуына байланысты болды. Қосымша көлік қызметтерінің, оның ішінде жүктерді экспедициялау, әуе қозғалысын басқару, әуежайлардың, қоймалар мен пакгауздар қызметтерінің, астық және тоңазытылған жүктерді сақтау қызметтері көлемінің артуы байқалады.
Құрылыс саласында өсім 15,9%-ды құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-қараша (14,7%) көрсеткішінен жоғары. Өсім туралы мектептер, медициналық нысандар, көлік пен инженерлік инфрақұрылымдар салуды қоса алғанда, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен қамтамасыз етілген. Қаңтар-желтоқсанда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 20,1 млн шаршы метрді құрады, бұл 2024 жылғы деңгейден 5,1%-ға жоғары.
Сауда саласында да оң серпін сақталды: өсім 8,9%-ды құрады. Негізгі үлес жалпы көлемнің үштен екісінен астамын құраған көтерме саудаға тиесілі болды. Көтерме сауда көлемінің өсу қарқынына астық, тұқым мен мал азығын сататын кәсіпорындар – 2,6 есе, машиналар мен жабдықтар – 99,8%, фармацевтикалық тауарлар – 44,1%, автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдары – 33%, сүт өнімдері, жұмыртқа мен майлар – 25,8%, қант, шоколад пен қантты кондитерлік өнімдер – 21,2%, кең ассортименттегі тауарлар – 12,5% әсер етті.
Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы көрсеткіштер 5,9%-ды құрады. Өсім өсімдік шаруашылығында (7,8%), мал шаруашылығында (3,3%) оң динамика қамтамасыз етілген. Ақпарат пен байланыс саласында өсім 3,6%-ды құрады.
Жалпы алғанда, 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың жиынтық өсімі негізгі салалардың тұрақты дамуын көрсетті.