Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Статистика сөйлесін
595,6 мың тапсырыстың ішінде шамамен 440 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ), 9,8 мыңы – ымдау тілі қызметін, ал 26,5 мыңы – жеке көмекшінің қызметін, 119,3 мыңы – шипажайлық-курорттық емдеу қызметін алған.
Цифрлық қолтаңбамен расталады
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.
Оңалту құралдары
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Порталда қанша қызметші бар?
Бүгінде Порталда 595 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 1084 ОТҚ жеткізушісі, 32 мыңнан астам жеке көмекші, 766 ымдау тілі және 124 шипажайлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.
Еске салайық, мүмкіндігі шектеулі жандарға 2025 жылы неше теңге жәрдемақы берілгені туралы жазғанбыз.