Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп бекітті. Өңірімізде 357 елді мекен бар болса, соның 98 пайызы интернетпен қамтамасыз етілген. Барлығы 14 антенна-мұнаралы қондырғы орнатылды. Сондай мұнараның бірі Шілікті ауылында да іске қосылып жатыр.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, алдағы бір-екі жылда облыстың барлық елді мекені интернетке қосылады.
Пойыздар мен ұшақтарда Starlink деңгейіндегі интернет пайда болады
Шіліктіде орнатылған 15 метрлік антенна-мұнаралық қондырғы жер телімімен бірге Зайсан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің балансына берілді. Ұялы байланыс операторы анықталып, нысан іске қосылды. Осы орайда жергілікті тұрғын, көп жыл мәдениет саласында еңбек еткен Айгүл Досанова ауылға жаһандық желінің келуін ерекше мереке деп атап өтті.

– Түнгі сағат он екілер шамасында ұялы телефоным безілдеп, маза болмай кетті. Бұған не боп қалды деп қарасам, интернет қосылып, неше күннен бергі туыс-туғандардың хат-хабары топырлап келіп жатыр екен. Интернет – білімнің бастауы. Балаларымыз болашақта ғаламтор арқылы білім алып, жасанды интелектіні меңгеріп, жан-жақты дамиды, – деп алғысын білдірді Айгүл Досанова.
Антенна-мұнаралы қондырғының іске қосылуы арқасында шалғайдағы елді мекен халқы телекоммуникация қызметтеріне қол жеткізіп, цифрлық жүйенің игілігін көруге мүмкіндік алды.