Ұсталғандардан жалпы салмағы шамамен 400 келіні құрайтын 1 127 ақбөкен мүйізі, сондай-ақ екі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді.
Күдіктілерді және олардың байланыстарын одан әрі тексеру барысында өткен жылдың 24 желтоқсанында Павлодар облысында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарада екі адамнан тұратын браконьерлердің екінші тобы ұсталды. Олардың бірі — шетел азаматы. Аталған тұлғалар мемлекеттік шекара арқылы шамамен 2 мың (1 882) ақбөкен мүйізін контрабандалық жолмен алып өтпек болған. Заңсыз жүк көлігінің арнайы жабдықталған жасырын орнына алдын ала жасырылған.
Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.