Туризм • 05 Қаңтар, 2026

Елімізде алдағы үш жылда бірнеше өңіраралық әуе рейсі іске қосылады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет 2026–2028 жылдары бірнеше өңіраралық әуе рейсін іске қосу үшін қосымша қаражат бөлуі мүмкін. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектенов сенат депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеген, деп жазады Egemen.kz.

 

Елімізде алдағы үш жылда бірнеше өңіраралық әуе рейсі іске қосылады

Фото: turantimes.kz

Көлік министрлігі әлеуметтік маңызы бар әуе рейстерін субсидиялау бағдарламасын 2002 жылдан бері жүзеге асырып келеді. 

Осы бағытта Ақтау – Қостанай, Ақтау – Қарағанды, Ақтау – Атырау, Ақтау – Ақтөбе, Ақтау – Орал, Ақтау – Петропавл, Ақтау – Тараз әуе рейстерін іске қосу жоспарланып отыр. 

«2025 жылға арналған бюджетті қалыптастыру шеңберінде 23 әуе бағытын субсидиялауға 6,4 млрд теңге  бөлу көзделген. Оның ішінде: Түркістан – Ақтау – 8 ай ішінде аптасына 2 рейс, тариф – 28 000 теңге, сомасы – 296,3 млн теңге. Көкшетау – Ақтау – 11 ай ішінде аптасына 2 рейс, тариф – 30 000 теңге, сомасы – 488,817 млн теңге. Сондай-ақ бюджет қаражатын оңтайландыру шеңберінде осы жылдың 23 қыркүйегінен бастап Ақтау – Қарағанды әуе бағытын аптасына 2 рейс жиілігімен 3 ай мерзімге ашылды, тариф – 25 000 теңге, сома – 125 млн теңге», делінген премьер-министрдің жауабында. 

Қазақстанда 2026 жылы қандай жаңа әуежайлар мен әуе рейстері іске қосылады?

Ал Павлодар әуежайы қайтарылған активтер есебінен жаңартылады. Сондай-ақ елімізде үш жаңа әуежай салу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар