Қылмыс • 03 Қаңтар, 2026

Қазақстанда браконьерлерден мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі киікті заңсыз аулау және оның мүйіздерін контрабандалық жолмен тасымалдау арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда браконьерлерден мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді

Видеодан алынған

Полиция мәліметінше, 29 тамызда жедел іс-шара барысында Қарағанды облысының криминалдық полиция қызметкерлері ІІМ үйлестіруімен үш адамнан құралған браконьерлік қылмыстық топты ұстады. Олар киіктерді заңсыз аулап, мүйіздерін сату мақсатында жинаған. Күдіктілерден салмағы шамамен 400 келі болатын 1 127 киік мүйізі, сондай-ақ екі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді.

Ұсталған адамдар мен олардың байланыстарын одан әрі тексеру барысында 24 желтоқсанда Павлодар облысы аумағында Ресей Федерациясымен шекарада тағы бір браконьерлік топ қолға түсті. Бұл топ екі адамнан тұрған, олардың бірі шетел азаматы. Аталған тұлғалар жүк көлігінде арнайы жасалған жасырын орынға алдын ала тығып, 1 882 киік мүйізін мемлекеттік шекара арқылы заңсыз алып өтпек болған.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар