Әлем • Кеше

Гамбия жағалауында 200 мигрант мінген кеме аударылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гамбия жағалауында шамамен 200 мигрант мінген кеме аударылып, кемінде жеті адам қаза тапты, ондаған адам із-түзсіз жоғалған, деп жазады Egemen.kz.

Гамбия жағалауында 200 мигрант мінген кеме аударылды

Фото: theupdate.co.rw

Жергілікті биліктің мәліметінше, қайғылы оқиға сәрсенбі күні түн ортасында елдің Солтүстік жағалау аймағында болған. Кейінірек кеме құмды қайраңнан табылған. Бұл туралы Гамбияның қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Қазіргі уақытта 96 адам құтқарылған, қалған жолаушыларды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Билік өкілдерінің айтуынша, қаза тапқандардың бірқатары Гамбия азаматтары емес.

Алдын ала деректерге сәйкес, мигранттар Еуропаға жетуді көздеп, Испанияға тиесілі Қанар аралдары бағытымен жолға шыққан. Соңғы жылдары Гамбия Батыс Африка елдерінен шыққан заңсыз мигранттар мен баспана іздеушілер үшін Қанар аралдарына, одан әрі Еуропа құрлығына өтетін негізгі бағыттардың біріне айналып отыр.

Соңғы жаңалықтар