Астана қаласы әкімдігінің Бірыңғай байланыс орталығының хабарлауынша, бұл уақытша шара тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында қосымшаның жаңартылған нұсқасын іске қосуға байланысты қабылданған.
«Жаңартылған нұсқа іске қосылғанға дейін тұрғындар өтініштерін iKOMEK109 Telegram чат-боты, 109 нөмірлі байланыс орталығы (қалалық және мобильді телефондардан), Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты www.gov.kz, 109@ikomekastana.kz электрондық поштасы, сондай-ақ iKOMEK109-дың Facebook пен Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жолдай алады», делінген хабарламада.
Сондай-ақ барлық өтініштер бұрынғыдай белгіленген тәртіппен қабылданып, қаралатыны атап өтілді.
Астана қаласы әкімдігінің байланыс орталығы уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан түсіністік танытуды сұрайды.