Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзаковтың айтуынша, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулігіне 115 полиция автопатрулі қызметке шығады. Полиция экипаждары қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмек көрсетуге дайын. Патрульдік автокөліктер жолда қалған автокөліктерге трос, пима, етік, күрек, жанармайы қатып қалған көліктерді қыздыратын бензоқұрылғы жеткізіп береді.
Өңірде республикалық және облыстық маңызы бар 8 жолдың бойындағы қозғалыс шектелді. Бүгін полиция қызметкерлері Қостанай қаласынан Әулиекөлге бара жатқан 50 автокөлікті қар құрсауынан шығарған.
Қостанай облысы