Қоғам • Бүгін, 07:35

Бірлік байқауы

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Семейдегі «Ес-Аймақ» рухани орталығында облыстық этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық институттар арасында өткен «Достық-2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Бірлік байқауы

«Достық-2025» байқауы азаматтық қоғамды жаң­ғырту, ұлттық құндылық­тарды дәріптеу, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл­дығын қорытындылау мақ­сатында ұйымдас­тырыл­ды.

«Ынтымақты елге бақ қонар» деген аталы сөз бар. Ел бірлігі – елдігіміздің арқауы, тәуелсіздік тірегі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бірлігіміз – ең басты байлығымыз» деп атап өткендей, елдік мүдде жолында бірлесіп еңбек ету – баршамыздың басты міндетіміз. Бұл ұстаным жуырда Президенттің Жарлығымен бекітілген ішкі саясат жөніндегі стра­тегиялық құжаттарда да жалғасын тап­қан. «Қа­зақстан Республи­ка­сы­­ның ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құн­дылықтары мен бағытта-ры» туралы Жарлықта «Бірлік пен ынтымақ – қо­ғам­дағы тұрақтылық пен үйлесімділіктің тұғыры саналатын құндылықтар» деп нақты айқындалды. Адал еңбек, риясыз кө­ңілдің арқасында сіздер татулық пен келісімнің жарқын үлгісін көрсетіп келесіздер. Соның дәлелі – бүгінгі «Достық» байқауы. Бұл – өңіріміздегі этнос өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрін құрметтеп, ынтымақ-бірлігімізді нығайтуға бағытталған ма­ңызды шара. Абай облысында ғана өткізілетін маңызды алаң десек болады. Қашанда белсенді азаматтық ұстаным, ел тыныштығы мен ұлт тұтастығын көксеген сіздердің еңбектеріңіз орасан зор!» деді облыс әкімі, Абай облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Берік Уәли,

Жиында «Достық-2025» байқауының жеңім­паз­дары «Рухани бірлік пен жалпыұлттық келісімді дамытуға қосқан үлесі үшін», «Азаматтық қо­ғамды дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қоғамдағы татулық пен өзара құрметті нығайтуға қосқан үлесі үшін», «Мәдени мұра мен дәстүрді сақтауға қосқан үлесі үшін», «Рухани ке­лісім мен ұрпақ сабақ­тастығының үлгісі» аталымдары бойынша марапатталды. Сонымен қатар бірқатар этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйым өкілдеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының және облыс әкімінің Алғыс­хаттары табысталды.

Кеш соңында Әміре Қашаубаев атын­дағы мемлекеттік филармо­ния­ның концерттік бағдар­ламасы көрермен назарына ұсынылды.

 

Абай облысы 

Соңғы жаңалықтар