АҚТАУ. 23 наурыз. Маңғыстау облысына қызылшаға қарсы екпеден зардап шеккен жасөспірімдерді қосымша қарау үшін Астанадан арнайы төрт дәрігер келді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Р.Бектубаевтың айтуынша, Жаңаөзендегі 15 баланың денсаулығын республикалық орталықтардан келген 6 маман қадағалауда. Астанадан келген 4 маман облыс орталығындағы ауруханада жатқан бес науқасты қарамақ. Сондай-ақ, олар Жаңаөзен қаласына барып, екпеден зардап шеккен науқастармен және ата-аналармен жұмыс жүргізбек. Одан бөлек, қиын жағдайларда балаларды жіберетін клиникаларды анықтамақ. Бүгінде Астана қаласына жіберілген 17 баланың 8-і ауруханадан шығарылған.
Басқарма басшысы соңғы кездері екпеден соң жиі-жиі талма ұстап, ауруханада қиналып жатқан қыз бала туралы бейнероликке түсінік берді. «Ғаламторда оны қыздың ағасы түсіргендігі туралы айтылған, бірақ оны басқа әйел адам түсірген. Қыздың өзі де, ата-анасы да бұл бейне роликтің түсірілуіне наразы», дейді ол.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: puzkarapuz.ru.
• 23 Наурыз, 2015
Маңғыстауда екпеден зардап шеккендерге Астанадан дәрігерлер келді

Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 13:48
Былтыр Астанада 14 бала терезеден құлап, көз жұмған
Елорда • Бүгін, 13:15
3,7 миллиард долларлық келісім: Тоқаев Жапония Парламентінің өкілін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:03
Жазадан құтыла алмайды: Нұрай Серікбайды өлтірген күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:52
Жібек жолындағы қанды оқиға: Үш адамды өлтірген күдіктінің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 12:42
Елімізде 1000-нан астам сарбаз грант иегері атанды: Толық тізім жарияланды
Әскер • Бүгін, 12:10
Қазақстанда жол сапасын дрондар бақылайды
Қоғам • Бүгін, 12:06
Атырау облысында ағайындылар арасында атыс болды
Оқиға • Бүгін, 11:40
Сенат резонанс тудырған жануарларға қатысты заңды Мәжіліске қайтарды
Заң • Бүгін, 11:33
Билікті басып алу әрекеті: Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды
Әлем • Бүгін, 11:27
Қытайда бала бағып, үй жинайтын әмбебап робот пайда болды
Технология • Бүгін, 11:18
Білімге бөлінген қаржы тиімді жұмсалып жатыр ма?
Білім • Бүгін, 11:14